Шығыста аптап ыстық күтіледі
Фото: pexels.com
17–18 мамыр күндері Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қатты ыстыққа байланысты облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды. Мамандар тұрғындарды жоғары температура кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Тұрғындарға ашық отты пайдаланбауға, қураған шөп пен қамысты өртемеуге, үйлер мен саяжай учаскелерінің маңында от жағуға тыйым салынады. Әрбір үй мен көлік құралында бастапқы өрт сөндіру жабдықтары болуы тиіс. Шыны бөтелке мен темекі тұқылын тастамау қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару қызметіне хабарласыңыз.