KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 6 м/с, ОШ
504.76 593.8 6.5

Боксшы қыздар 12 алтын медаль жеңіп алды

23.05.2025, 17:30 272 Серік Құсанбаев

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Финалға шыққан ұлттық құраманың 12 өкілі де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, топ жарды, -  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл бәсекеде Азия құрлығынан Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам сынды мемлекеттердің спортшылары (барлығы 21 ел) қатысып, 12 салмақта жүлдені сарапқа салған болатын.

Осы жолғы Азия чемпионатында қазақ қыздары тарихи жетістікке қол жеткізіп, финалға шыққан 12 боксшының бәрі алтын медаль иеленіп, ел намысын абыроймен қорғады. Ұлттық құраманы аға жаттықтырушы Жанкелді Ахметов бастап апарған. Оның шәкірттері финалдағы барлық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан қоржынына 12 алтын салды.

Сонымен қатар жігіттер де 13 салмақтың 10-ында алтыннан алқа тағынып, Коломбо аспанында Қазақ елінің көк байрағын 22 мәрте көкке көтертіп, Әнұранымызды шарықтатты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу