ШҚО: Мәдениет майталманына — Мемлекет марапаты
Шығыс Қазақстанның шығармашылық қауымы үшін айтулы жаңалық — Ұлан аудандық мәслихатының депутаты, мәдениет қызметкері Нұртай Тілеужан Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденіне ие болды. Бұл марапат — оның ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан сүбелі үлесі мен саладағы елеулі еңбегінің айқын дәлелі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өнер жолындағы ардақты азаматты жоғары марапатымен құттықтап, болашақта да шығармашылық табыс тіледі.
Нұртай Тілеужан — көп жылдан бері ауыл-ауданның мәдениетін өркендетуге, ұлттың рухани қазынасын насихаттауға жанын салған жан. Оның еңбегі тек аудан емес, облыс көлемінде кеңінен танылып отыр.
Мәдениет саласының дамуы — елдің рухани деңгейінің көрсеткіші. Осындай шынайы еңбек пен шығармашылық адалдық жоғары бағаланғанда, бұл салада жүрген жандарға демеу, жас буынға — бағыт болары сөзсіз.


