Мәдениет саласының үздіктері мемлекеттік наградаға ие болды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері және елге сіңірген еңбегі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Олардың қатарында Андрей Васильевич Воронин – «Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры» КМҚК орыс труппасының көркемдік жетекшісі де бар. Өскемен қаласындағы өнер ордасында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан шығармашылық жетекші ұлттық театр өнерінің дамуына зор үлес қосып, көрермен жүрегінен орын алған көптеген спектакльдердің авторы әрі қоюшы режиссері ретінде танымал.