Өскеменде энергия үнемдеу мен көріктендіру қатар жүзеге асырылуда
Қаланың келбетін жақсартумен қатар, тұрғын үйлердің энергия тиімділігін арттыру мақсатында көпқабатты үйлердің қасбеттері ретке келтірілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, шаһарда көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жоба аясындағы алғашқы кезеңде Назарбаев даңғылы бойындағы 14 үй жаңартылмақ.
Барлық құрылыс жұмыстары тиісті нормалар мен ережелерге сай, әрбір үйдің техникалық жай-күйін ескере отырып жүргізілуде. Қасбеттердің түс гаммасы қала сәулет қызметінің ұсыныстары мен тұрғындардың пікірлері негізінде таңдалуда.
Елизавета Седых
Фото: Видеодан скриншот
Видео: Өскемен қаласы әкімдігінен