KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменде көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу жалғасуда

Фото: perm.pulscen.ru

17.09.2024, 15:55 63 Айжанат Бақытқызы

Облыс орталығында тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Биыл жоспарланғандай қаланың 9 көшесіндегі 40-тан астам ғимарат ретке келтірілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл жоба қалаға біртұтас сәулеттік келбет беруге және қалалық ортаның эстетикасын арттыруға бағытталған.

 «Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі Қымбат Абышеваның айтуынша, жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес, кідіріссіз жүргізілуде. 

«Бүгінгі таңда барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Учаскеде жұмыс істеп жүрген мердігерлер орындалған жұмыстардың сапасына жауап береді және үш жылға кепілдік береді», - деді Қымбат Әбішева. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Назарбаев, Шәкәрім, Нұрмағамбетов даңғылдарындағы, Қазақстан, Мыза, Гоголь, Добролюбов, Металлург, Бейбітшілік көшелеріндегі үйлер жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив