Өскеменде үш үйдің қасбеті жаңартылып жатыр (видео)
Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Қазыбек би көшесіндегі 5/1, 5/3, 5/4 үйлердің сыртқы жабындары жаңартылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2013 жылы салынған бұл үйлердің қасбеттеріндегі керамогранит тақталары уақыт өте келе тозып, тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Осыған байланысты ескі қаптама материалдары берік әрі заманауи сайдингке ауыстырылуда.
Жөндеу жұмыстары аясында қабырғаларды тазалау, сылау, сырлау, қаптау материалдарын алмастыру және жылу оқшаулау шаралары қолға алынған. Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда.
Мердігер ұйым – «Аяла» ЖШС өкілі Қуаныш Күшікбаевтың айтуынша, Қазыбек би көшесі, 5/1 мекенжайындағы жөндеу жұмыстары 70%-ға аяқталған.
Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Алмат Ақышовпен кездесуде тұрғындар Әл-Фараби даңғылындағы 38/1 үйдің қасбетін жөндеуге өтініш білдірген болатын. Нәтижесінде жөндеу жұмыстары тұрғын үй кооперативінің қаражаты есебінен жүргізілді.
Ержан Әбіш
Фото/видео: Өскемен қаласы әкімдігінен