Өскеменде Пантон көпірі ашылды (видео)
Фото: видеодан скриншот
Қазір бұл аумақта абаттандыру және жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен айда қала әкімі Алмат Ақышов Ертіс өзені арқылы өтетін Пантон көпіріндегі жөндеу жұмыстарымен танысып, жол инфрақұрылымының маңызды нысанын мамыр айының соңына дейін ел игілігіне тапсыруды міндеттеген болатын.
Қазіргі таңда көпір маңы абаттандырылып, дәнекерлеу және жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Ертіс өзені үстіндегі бұл өткел маңында кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары басталған болатын. Осыған байланысты көпір астынан өтетін құбырларды ауыстыру қажеттілігі туындаған.
Алайда қаржы тым кеш – күздің қара суығында ғана бөлінген. Сол себепті, жылу беру маусымы кезінде құбырлардың жарылып кету қаупі болғандықтан, жөндеу жұмыстарын уақытша тоқтатып, кейінге шегеруге тура келген. Соның салдарынан көпірді жөндеу бірнеше айға созылды.
Қазіргі уақытта Пантон көпіріндегі барлық жұмыстар қала әкімінің бақылауында.
Көпір арқылы қозғалыс қалпына келтірілді.
Елизавета Седых
Видео: Руслан Акматалиев