KZ
Өскемен
+3°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі Шнайдер көпірі ашылды

Өскемен қалалық ТКШ

22.03.2024, 12:00 148 Назерке Каримова

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында айналма жолдағы бұл көпір үш айға жөндеуге жабылған болатын.

Бүгіннен бастап Шнайдер көпірі арқылы өтетін жол ашылды. Жөндеу жұмыстары уәде етілген мерзімде аяқталып отыр.

Қазір жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, мамандар көпірдің техникалық жағдайына тексеріс жүргізген. Мердігер компанияға тек аймақтағы құрылыс қалдықтарын тазарту жұмыстары қалды, бірақ көлік қатынасы үшін жол ашық.

Алғашқы үш күнде тек жеңіл көлік қатынасына рұқсат. Одан кейін 10 тоннаға дейінгі кез келген көлік жүре беруіне болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив