KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Күршім ауылын жарықтандыру үшін 367,2 млн теңге бөлінген – ШҚО

Фото: egemen.kz

6.07.2023, 09:30 305

Биыл Күршім ауданының бірқатар ауылында жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Күршім ауылында жарықтандыру жұмысын жүргізу үшін биыл 367,2 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әкімдік ұсынған дерекке сүйенсек, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында 2 ауылда көшені жарықтандыру жүйесін жаңарту жобасы іске асырылады. Көше шамын орнату үшін Күршім ауылына биыл 367,2 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта 762 шамның 679-ы орнатылған. Аудандық әкімдік жұмыс алдағы қыркүйек айында аяқталатынын айтты.

Жарықтандыру үшін Марқакөл ауылына 77 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта сенімгерлік басқаруға беру үшін көшені жарықтандыру объектілерін тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар биыл Төсқайың, Барақ батыр, Бірлік, Ақбұлақ, Қалғұты, Қайнарлы ауылдарының көшелерін жарықтандыру жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив