KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 1 м/с, В
513.68 583.03 6.24

Өскемендегі понтон көпірі көлік қозғалысы үшін мамыр айында ашылады

4.04.2025, 15:30 173 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында понтон көпірінің астынан өтетін құбырларды ауыстыру жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі. Әр кезең шамамен екі апта уақыт алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов понтон көпірінің неліктен бірнеше ай бойы жартылай жабық болғанын түсіндірді. Өткен жылы көпір маңында коллекторды жөндеу жұмыстары басталған болатын. Осы жұмыстар аясында көпір астынан өтетін құбырларды ауыстыру қажет болды. Бірақ қаржы тым кеш, күз басталар уақытта бөлінді.

– Жұмыстарды бастадық, бірақ бір кезде тоқтатуға тура келді, себебі жылу беру маусымы кезінде құбырлар жарылып кету қаупі туындады, – деді Алмат Талғатұлы.

Әкімнің айтуынша, осындай ойластырылмаған шешімдер жұмыстың бірнеше айға созылуына әкелді.

– Қазір біз қысымын бір құбырға көшіруді бастаймыз, ал екіншісін ауыстырамыз. Ауыстыру жұмыстары шамамен екі аптаға созылады. Кейін екінші құбырды ауыстырамыз, – деп түсіндірді қала әкімі.

Алмат Ақышов ең оптимистік болжам бойынша жөндеу жұмыстары мамыр айының алғашқы күндерінде аяқталып, көпір көлік қозғалысы үшін ашылады деп атап өтті.

 

Елизваета Седых

Ержан Әбіш

Фото: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу