«Жұмысшы мамандықтар жылы»: Риддер колледжінің педагогтері жеңімпаз атанды
Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен тау-кен -металлургия саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсынан риддерлік ұстаздар жүлдемен оралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
27 мамырда Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында өткен тау-кен металлургия саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсына Риддер колледжінің педагогтері «Пайдалы қазбаларды байыту» құзыреттілігі бойынша қатысқан. Кеншілер қаласындағы техникалық колледждің оқытушылары барлық облыстың техникалық білім беретін колледждерінің ең тәжірибелі деген үздіктерінің қатарында өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетіп жүлделі 2 орынды иеленді.
«Жұмысшы мамандықтары жылына» орай ұйымдастырылған республикалық конкурс бірнеше кезеңде өткен.
Өздерінің кәсіби біліктіліктерінің жоғары деңгейде екендігін дәлелдеген Риддер колледжінің педагогтері: Уалиханов Фархат пен Ағажаева Инесса бағалы сыйлықтарға, алғыс хатқа ие болып қайтты.



