KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 4 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Тағзым уақыты: 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Фото: pixabay.com

30.05.2025, 19:40 288 Айдос Мырзахметов

31 мамыр күні Өскемен қаласында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тағылымды шаралар өтеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қасіретті жылдардың құрбандарын үнсіз еске алып, тарихтан тағылым алу – ұлт жадындағы борыш.

Сол күні таңғы сағат 10:00-де қаланың сол жағалауындағы Тәуелсіздік монументі жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Бұл – жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету, өткеннің ащы сабағын үнсіз еске алу рәсімі.

Одан кейін, сағат 11:00-де Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тақырыптық кездесу ұйымдастырылады.

Бағдарламада:

  • Улан ауданының бұрынғы бірінші хатшысы, қуғын-сүргінге ұшыраған Абдрахман Айдарбековтің тағдыры туралы деректі фильмнің көрсетілімі;
  • Тарихшылар мен зерттеушілердің сөз сөйлеуі;
  • «Саяси қуғын-сүргін жылдарындағы Шығыс Қазақстан» атты архивтік фотодеректер көрмесі жоспарланған.

1997 жылы Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Бұл күн – Сталиндік репрессия кезінде атылған, түрмеге қамалған, өмірі мен тағдырынан айырылған мыңдаған қазақты еске алу күні ғана емес, сондай-ақ, ұлт ретінде тарихи әділетсіздікті есте сақтау жолындағы маңызды белес.

Шаралардың мақсаты – тек тарихты танып-білу емес, сол зұлматтың қайталанбауына жол бермеу, кейінгі ұрпаққа шындықты аманат ету.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу