ШҚО әкімі жас өнертапқыштардың жобалар көрмесін тамашалады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің дарынды оқушыларымен – болашақ ғалымдар, инженерлер мен жаңашылдармен кездесті. Кездесу аясында аймақ басшысы жас зерттеушілер әзірлеген ғылыми жобалар көрмесіне барды.
Көрме барысында оқушылар өз жұмыстарын арнайы стендтерде таныстырып, жобалардың мақсаты мен құрылымын түсіндірді. Жас өнертапқыштардың ізденістері мен ғылыми жаңалықтары көрермендердің қызығушылығын тудырды.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов балалардың шығармашылық әлеуетіне жоғары баға беріп, ғылым, технология және білім беру саласының дамуы дәл осындай ынталы әрі зерделі ұрпақтан басталатынын атап өтті.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі