ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жұмыс жиналысын өткізді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдері, басқарма басшыларымен жиын өткізді.
Жиналыс барысында өңір басшысы шағын индустриялық аймақтарды дамытуға ерекше назар аударды. Ол жергілікті кәсіпкерлерге көңіл бөліп, қандай мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларының бар екенін нақты түсіну қажет екенін айтты.
- Әріптестер, біз сіздермен көптен бері таныспыз. Бүгін мен берген ант - ол менің ғана емес, барлығымыздың ортақ антымыз деп қабылдаңыздар. Онда айтылған әрбір сөздің жауапкершілігін сезініңіздер. Халыққа адал қызмет ету деген ұғымның астарында терең мағына бар. Бірінші кезекте Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындауға көңіл бөлу маңызды. Осыған дейін жоспарланған жобалар іске асырылуға тиіс, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Сондай-ақ аймақ басшысы су тасқынына дайындық шараларына тоқталып өтті. Ол облыстағы ТЖ бойынша жедел штаб өз жұмысын жалғастыратынын айтты.
Оқи отырыңыз
Нұрымбет Сақтағанов: «Референдум - тәуелсіз елдің еркін қадамының айғағы»Күршім аудандық ауруханасындағы мәселелер бақылауда болады – Н. СақтағановНұрымбет Сақтағанов: «Референдум - тәуелсіз елдің еркін қадамының айғағы»Нұрымбет Сақтағанов: Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын аудандары жыл соңына дейін бөлінген қаражатты игеруі тиісОлжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкімді таныстырды