KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

Үздік омарташылар анықталды

2.06.2025, 09:30 229 Серік Құсанбаев

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО Глубокое ауданына қарасты «Опытное поле» ауылшаруашылық тәжірибе станциясында тұңғыш рет «Шығыс Қазақстан облысының үздік омарташысы» аталымы бойынша омарташылар сайысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Сайыстың мақсаты – еліміздегі омарташылықты дамытып, мемлекет тарапынан қолдауға жол ашу, омарташылар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ бал өндіру саласын заманауи технологиялармен жетілдіру.

Шара барысында зертхана қызметкерлері мен тәжірибелі омарташылар, жеке шаруашылық иелері қатысушыларға омарта шаруашылығының қыр-сыры, өзіндік қиындықтары, араларды бағып-қағу, көбейту, бал өндіру жолдары, өнімнің сапасын арттыру және сапалы тұқым көбейту бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Шығысқазақстандық омарташылар сайысына арнайы келген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаментінің директоры Хасым Итқұсов сала ардагерлері Валерий Қасымбаев, Валентина Қасенова, Игорь Свиринский, Ерболсын Оторбаев және басқа да тәжірибелі мамандардың ұзақ жылғы еңбектерін ескеріп, министрліктің медальдері мен грамоталарын табыстады.

– Бал өнімін өндіруде Қазақстан омарташылары, оның ішінде Шығыс өңірінің мамандары соңғы жылдары көлемі жағынан да, сапа жағынан да өте жақсы жетістіктерге жетуде.
Ресми статистикаға сүйенсек, қазақстандық омарташылар 2023 жылы экспортқа 250 тонна бал өткізсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 600 тоннадан асты, – деді Хасым Итқұсов.

Тұңғыш рет өткізілген Шығыс Қазақстан омарташылар сайысының қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «Свиринский» ШҚ иесі Игорь Свиринский жеңіп алса, ІІ орын Юрий Ничаевқа, ІІІ орын Михаил Шуликоға бұйырды.

Фото: Жалғас Сақадиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу