KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығыс Қазақстанда омарта шаруашылығының өрісі кеңеюде

31.07.2019, 11:56 318

Ауыл шаруашылығы саласының ажырамас бөлігі саналатын омарта шаруашылығы соңғы жылдары жақсы қарқынмен дами бастады. Мұндағы басты себеп тұтыну нарығы мен шаруашылықтардың кооперативтерге бірігу үрдісінің ұлғаюы. Жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде бүгінде облыстағы омарташылар саны үш мыңды құраса, омарта шаруашылықтарының саны 151-ден асып жығылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта облыста жұмыс істеп тұрған 151-ден астам омарта шаруашылығының үшеуі ауыл шаруашылығы кооперативі болса, 95 омарташы жеке кәсіпкер, 47-сі шаруа қожалығы, ал алтауы серіктестік негізінде жұмыс істеп жатқан көрінеді. Омарта шаруашылықтары кооперативтері арасында Көкпектідегі АБС «Сартау» және Өскемендегі «Алтайский мед» бірлестіктері алдарына жан салмайды.

– Шаруашылықтардың кооперативтерге бірігуі біріншіден, олардың мемлекеттік қолдауға қол жеткізуіне жол ашса, екіншіден, шаруашылық тамырына қан жүгіріп, өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алады. Атап айтсақ, 2018 жылы «Алтайский мед» ауыл шаруашылығы кооперативі 500 тонна балды Қытайға экспорттады, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Тұрысбеков.

Жауапты тұлғаның хабарлауынша, өткен жылы өңірдің омарта шаруашылықтары 1796 тонна бал өндірген. Омарта шаруашылықтарын кооперативтерге біріктіру жұмыстарының одан әрі де жалғасын табатынын алға тартқан ол бұл бағытты дамыту бойынша 2018-2022 жылдарға арналған арнайы бағдарламаға сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу