Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Фото: Volley.kz
Бүгін – 4 маусым, Қазақстан халқы үшін айрықша күн. Дәл осы күні, 1992 жылы Тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде қабылданды. Бұл күн – елдігіміздің, егемендігіміздің, біртұтас мемлекет ретінде қалыптасу жолындағы маңызды белесі ретінде тарихқа енді.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігін айқындайтын басты белгілер. Олар халқымыздың өткені мен бүгінін, болашаққа деген үмітін, асқақ армандарын бейнелейді.
ҚР Туының авторы – Шәкен Ниязбеков,
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов,
Әнұранның мәтінін жазғандар – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,
ал сазын жазған – Шәмші Қалдаяқов.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді арттыруға, жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Мерейлі мерекемен баршаңызды құттықтаймыз!