KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 3 м/с, З
518.97 607.3 6.64

Талапкерлерге маңызды ақпарат: ЖОО-ға түсу мерзімдері белгілі болды

Фото: pixabay.com

9.06.2025, 15:30 152 Гульжан Мусина

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлер үшін маңызды мерзімдер көрсетілген күнтізбені жариялады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес:

Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 7 шілде аралығында өткізіледі.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығын қамтиды.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өтеді (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін тапсыру қажет).

Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініштер 20 маусым мен 10 тамыз аралығында қабылданады (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін өткізілуге тиіс).

Шығармашылық емтихандардың өзі 7 шілде мен 15 тамыз аралығында ұйымдастырылады (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін тапсырылуы қажет).

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде мен 20 шілде аралығында қабылданады.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Министрлік талапкерлер мен ата-аналарға барлық ресми ақпарат көздерін, оның ішінде жоғары оқу орындарының сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларын мұқият қадағалауды ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу