Өскемен – Рахман қайнары тас жолының негізгі жөндеу кезеңдері аяқталды (видео)
Қазір Өскемен – Рахман қайнары бағытындағы тас жолда жер төсемін нығайту мен су ағатын арналарды жасау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ШҚО филиалының мәліметінше, республикалық маңызға ие бұл жолда құрылыс жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 56–72 және 72–88 шақырым аралығы жөнделуде.
Жолдың негізгі жұмыстарының бірі – жол осін қалпына келтіру, құнарлы топырақ қабатын алып тастау, жер төсемін жасау және айналма жол салу сияқты маңызды кезеңдер аяқталды.
Қазір жолдың негізгі қабатын нығайту және таудан аққан суды өткізуге арналған арналарды жасау жұмысы жүріп жатыр.
Елизавета Седых