ШҚО-да «Өскемен – Рахман қайнары» тас жолының бір бөлігі уақытша жабылды
«ҚАЖсервис» ЖШС ШҚО филиалының мәліметінше, 30 қаңтар күні сағат 09:00-ден бастап профилактикалық қар көшкінін түсіру жұмыстарына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» тас жолының 420-450 шақырымы (Берел ауылы – Рахман қайнары шипажайы аралығы) барлық көлік түрлері үшін уақытша жабылды.
Жолдың ашылу уақыты ауа райы жағдайына және қар көшкінін түсіру жұмыстарының нәтижесіне байланысты қосымша хабарланады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізушілерден аталған бағыт бойынша қозғалысты жоспарлаудан бас тарту сұралады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз