KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Катонқарағайда ұлттық ат спорты ойындары өтеді: жарыс кестесі белгілі болды

Фото: gov.kz

12.06.2025, 18:30 154 Гульжан Мусина

13-14 маусым күндері Катонқарағай ауданында ұлттық ат спорты түрлері бойынша XXIII халық спорт ойындарының финалы өтеді. Бұл шара халықаралық «Алтай – түркі дүниесінің алтын бесігі» фестивалімен қатар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарыстар Катонқарағай ауылының ипподромында өтеді. Ұйымдастырушылар жарыстың толық кестесін жариялады:

13 маусым, жұма күні:

Таңғы 09:00 – Көкпар (ипподром);

Таңғы 09:00 – Аударыспақ (финал);

Сағат 11:00 – Жамбы ату (финал);

Сағат 14:00 – Құнан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс және аламан бәйгеге қатысушыларды тіркеу және төрешілер отырысы (аудан әкімдігі);

Сағат 15:00 – Қазақ күресіне қатысушылардың келуі, тіркеу, өлшеу және төрешілермен кездесу (аудан әкімдігі).

14 маусым, сенбі күні:

Таңғы 08:00 – Құнан бәйге (7,5 км);

Сағат 09:30 – Аламан бәйге (25 км);

Сағат 10:00 – Қазақша күрес (Ластаев атындағы спорт мектебі, Торайғыров көшесі, 7);

Сағат 10:30 – Жорға жарыс (7,5 км);

Сағат 11:30 – Топ бәйге (15 км);

Сағат 12:30 – Көкпар финалы.

Ат үстіндегі сайыстар – қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдени мұрасы. Бұл ойындар тек жарыс емес, ұлттың салты мен рухын көрсететін ерекше дәстүр. Қазір елімізде ұлттық спортқа деген қызығушылық қайта артып келеді. Көптеген аймақтарда бәйге, көкпар, жамбы ату сияқты спорт түрлеріне арнайы жарыстар жиі ұйымдастырылады.

Катонқарағайдағы үлкен дода кезінде қонақтар аударыспақ, жамбы ату, көкпар, бәйге, жорға жарыс және қазақ күресі сияқты ұлттық ойындарды тамашалап, қазақ халқының салт-дәстүрімен жақын таныса алады.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу