KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

78 жастағы өскемендік қария әлемдік жарыста жүлдегер атанды

16.06.2025, 17:00 207 Гульжан Мусина

Өскемен қаласының тұрғыны, Төтенше жағдайлар департаментінің ардагері Әбілхаир Иманбеков 78 жасында Италияда өткен скандинавиялық жүрістен Әлем кубогында екінші орын алып, күміс медальмен оралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Италияның Тирано қаласында өткен жарысқа қатысқан қария талай жасқа үлгі боларлық нәтиже көрсетті. Ол бұл спорт түрімен бірнеше жылдан бері айналысып келеді екен.

– Бір кезде инфаркт алып, денсаулығым сыр бере бастаған соң, өзімді қолға алуға бел будым. Сол кезде Өскемендегі скандинавиялық жүріспен шұғылданатын топқа қосылдым. Бұл – жүрекке де, денеге де пайдалы, кез келген адамға қолжетімді спорт түрі, – дейді Әбілхаир ақсақал.

Әбілхаир Иманбеков өмір бойы төтенше жағдайлар саласында еңбек еткен. Өскемен қаласының ТЖ басқармасын басқарып, 30 жылдан астам уақыт ел қауіпсіздігіне үлес қосты. Бүгінде ол зейнетте болса да, белсенді өмір салтын ұстанып, жастарға үлгі көрсетіп жүр.

Қазір де бос отырмайды – күнделікті жаттығуын жасап, скандинавиялық жүріспен айналысатындарға ақыл-кеңесін беріп келеді. Спортқа ден қойған бұл қарияның жетістігі – әр адамға үлкен шабыт.

 

Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу