KZ
Өскемен
+12°
дождь жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

«OSKEMEN RUN» марафоны өскемендіктерге сергектік пен мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін, 14:15 33 Айжанат Бақытқызы

Өскемендіктер Республика күнінде «Қазақстан» тауына жаппай жүгіру  «OSKEMEN RUN» спорттық шарасына қатысты. Жарысқа қатысуға барлығы 100-ге жуық адам ниет білдіріп, олардың ең үлкені 76 жаста болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл шара спорт сүйер қауымның жасына қарамастан белсенді өмір салтын ұстануға талпынысы жоғары екенін көрсетті. Қатысушылар 3 санат бойынша жарысты. 

«Бүгінгі «Қазақстан» тауына жаппай жүгіру «OSKEMEN RUN» спорттық шарасы  қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 3 санат бойынша өтті. 18-39, 40-59 және 60 жастан жоғарылар. Осындай шаралар салауатты өмір салтын ұстануға,  спортты насихаттауға мүмкіндік береді»,- деді спорттық шараның бас төрешісі Владислав Лешин.

Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің әр өңірінде өткен марафондарға белсенді қатысып жүрген 76 жастағы Әбілхайыр ақсақал да қатысты.

«Мен елімізде өткен бірнеше марафондарға қатыстым. Былтыр Алматыда өткен әлем кубогында бағымды сынадым. Биыл Италияға барып, әлем кубогында 4-ші орын алдым.  Бүгін ауа райына қарамастан дәстүрлі «Қазақстан» тауына жүгіру шарасы өтті. Жастар көп екен. Қуанып отырмын», - деді «OSKEMEN RUN» спорттық шарасына қатысушы  Әбілхайыр Иманбеков. 

Республика күні аясында ұйымдастырылған бұл марафон халықтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, өскемендіктерге сергектік пен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жарыс жеңімпаздарына медальдар биік таудың басында тапсырылды.

                                                                                                                                                   Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив