KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемендік қария марафонға қатысып, медаль алып келді

28.02.2024, 13:00 234 Айна Ескенқызы

Өскемендік 78 жастағы Әбілқайыр Иманбеков скандинавиялық  жүріс спортынан Алматы қаласында өткен марафонға қатысып, медаль иеленіп келді. 

Марафонға Шығыс Қазақстаннан екі зейнеткер қатысып қайтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемендік зейнеткерлердің арасында қазір скандинавиялық  жүріс спорты жақсы дамып келеді. Ертіс жағалауында, саябақтарда жылдың кез келген маусымында топ-тобымен жүрген «нордтықтарды» (олар өздерін осылай атайды) көруге болады.

Әбілқайыр ата спорттың бұл түрімен 2012 жылдан бері айналысады. 

- Скандинавиялық таяқтармен жүрумен инфаркт алғаннан кейін дәрігерлердің кеңесімен айналыса бастадым. 2015 жылы мен тамаша нұсқаушы Ольга Щипетельникованы кездестірдім, ол скандинавиялық жүрістің техникасын үйрету үшін бізді Алматыға алып барды. Спорттың бұл түрі қаламызда жақсы дамып келеді. Скандинавиялық жүрістің нәтижесінде адамдар денсаулығын жақсартады. Биыл Алматыда өткен марафонға Евгений Аверин екеуміз барып қайттық. Евгений он шақырымға жүгіру жарысына қатысты. Мен солтүстік жүріспен Әл-Фараби даңғылымен жүріп өттім. Бұл жерде орын берілмейді, жарысқа қатысқандарға медаль береді, - дейді спортшы ақсақал Әбілқайыр Иманбеков.

2022 жылы Түркістан қаласында өткен Әлем кубогында Әбілқайыр ата 70 жастан асқандардың арасында үшінші орынды иеленген болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу