Жұмада күн райы қандай болады?
17 шілде күні елімізде күн ашық, ыстық болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
17 шілдеде еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал, - делінген хабарламада.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, Атырау, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерде өте қатты аптап ыстық болуы мүмкін.
Қызылорда, Қарағанды, түнде Атырау, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі.
Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.