KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
518.97 607.3 6.64

ШҚО-да сотталған әке сарыла күткен сәбиін құшағына алды

20.06.2025, 18:30 188 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында ерекше әрі толғандырарлық кездесу өтті: жазасын өтеп жатқан ер азамат тұңғыш рет жаңа туған қызын көрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам осы жылдың басында сотталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған. Ұсталғаннан кейін көп ұзамай жұбайы жүкті екенін білген. Тергеу изоляторында отырғанда оның көптен күткен қызы дүниеге келетіні туралы хабар жеткен. Себебі ерлі-зайыптыларда үш ұл өсіп келе жатқан еді.

Арада бес ай өткенде ғана жұбайы сәбиді қолына алып, ұзақ мерзімді кездесуге келе алды. Отбасы мүшелерінің бас қосуына мекеме әкімшілігі рұқсат берген.

Сотталған әке кішкентай қызын қолына алып, жарына қолдан жасаған сыйлығын табыс етті.

– Біз сотталғандарды жақындарымен байланысын үзбеуге ынталандырамыз. Осындай сәттер олардың түзелуіне түрткі болуы мүмкін. Бұл – өте маңызды қадам, – деді ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожықанова.

Отбасылық байланысты сақтау – сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің маңызды бөлігі. Бұл олардың қоғамға оралып, қылмысты қайталамауына сеп болады.

Роксана Глыбова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу