KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Жаңа жылыжайда 30-ға жуық сотталған азамат жұмыс істемек – ШҚО

Фото: egemen.kz

16.08.2023, 15:50 412

ШҚО-да салынатын жаңа жылыжайға 30-ға жуық сотталған азамат жұмысқа алынады.

Облыстағы түзеу мекемелерінде сотталғандардың 45 пайызға жуығы жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің айтуынша, сотталғандарды түзеу мен келтірілген залалды өтеудің негізгі құралдарының бірі – оларды жұмыспен қамту.

Колония аумағында бес жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер Мұхит Кенебаев тиімді шарттармен кәсібін дамытуды жалғастырып жатыр. Сонымен қатар ол Өскемендегі №17 мекеме базасында көлік жөндеу және құрылыс материалдарын шығару бойынша өндірістік орын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ол Шемонаиха қаласында жылыжай кешенін кеңейтуді де жоспарлап отыр.

– Бүгінде жылыжайды және жылу желілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аумағы 840 шаршы метрді құрайтын жылыжай көкөніс өсіруге арналған. Онда 30-ға жуық сотталған адам жұмыспен қамтылады. Жаңадан өсірілген өнім облыстың базарлары мен дүкендеріне жеткізіледі, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері Әсел Бажаева.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу