KZ
Өскемен
-41°
плотный туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Күленовтегі 365 абонент жарықсыз қалды – жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

pixabay.com

26.06.2025, 10:00 197 Әбішев Ержан

25 маусым күні Өскемен қаласындағы Күленов шағын ауданында кабель желісінің зақымдануына байланысты 365 тұтынушы электр жарығынсыз қалды. Ақау салдарын жою жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«ОЭСК» АҚ хабарлауынша, электр қуатының өшуіне жүргіншілер жолының астымен өткен кабельдің зақымдануы себеп болған. Жетуі қиын жерде орналасқан желі бөлігін жөндеу жұмыстары арнайы техникалық бригадалардың қатысуымен жүргізіліп жатыр.
Кабель желісіндегі ақаудың салдарынан 365 абонент жарықсыз қалды. Анықталғандай, зақымдалған аумақтың ұзындығы 50 метрге жуық.

– Оқиға орнына жедел-шығу бригадасы жіберілді. Қазір үш бригада, соның ішінде зертханалық техника да жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстары 26 маусым күні түскі 12:00 шамасында аяқталады деп жоспарлануда. Электр қуаты жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін бірден беріледі, – делінген компания таратқан ресми хабарламада.

Энергетиктер тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырып, қалыпты режимге көшу мүмкіндігінше тез жүзеге асырылатынын жеткізді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу