900-ге жуық тұтынушы: Өскеменде жарық өшіп қалды
шартты сурет
Өскеменде 900-ге жуық тұтынушы жарықсыз қалды.
Облыс орталығының Сол жағалау бөлігінде апатты жағдай болып, электр қуаты өшті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осы аудандағы 900-ге жуық тұтынушы және Қазыбек би мен Есенберлин даңғылындағы бірқатар тұрғындар жарықсыз қалды.
Қазір оқиға орнында арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Мамандар электр қуаты көп ұзамай қайта қосылады дейді.
Оқи отырыңыз