KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 3 м/с, Ю
509.84 595.75 6.47

Экспортқа жол ашық: ШҚО-да халықаралық зертхана іске қосылмақ

26.06.2025, 14:40 250 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен кезекті отырыста өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру мәселесі көтерілді. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Қытай Халық Республикасының қолдауымен ШҚО-да халықаралық талаптарға сай жаңа ветеринарлық зертхана салынуда. Бұл жоба – соңғы он жыл бойы шешімін таппай келе жатқан маңызды мәселе еді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Зертхананың жөндеу жұмыстары мен техникалық жабдықтау толық аяқталған. Қазір енді зертхананың нақты қалай жұмыс істейтіні, мамандардың дайындығы пысықталуда. Әкім осы бағыттағы жұмысты жеделдетіп, зертхананың толық іске қосылуын тездетуді тапсырды.

Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовтың айтуынша, мамандар тиісті оқытудан өткен. Қытай мамандары арнайы келіп, жергілікті ветеринарларға хроматографтар, спектрометрлер және өзге де диагностика құрылғыларымен жұмыс істеуді үйреткен. Бүгінде мамандар алғашқы кезеңнен сәтті өтті.

- Зертхананың барлық ішкі жұмыстары аяқталды. Қытай мамандары келіп, біздің қызметкерлерді оқытты. Қазір зертхана пайдалануға дайын. Бұл нысан – Қазақстанда баламасы жоқ, бірегей зертхана. Қытайға экспортталатын өнім осы зертханадан өткен соң, қосымша тексерусіз өткізіле алады. Бұл – үлкен артықшылық, – деді басқарма басшысы.

Әкім отырыс барысында зертхананың нақты қашан іске қосылатынын және алғашқы өнім партиясын қашан жіберуге болатынын нақтылауды тапсырды. Сонымен қатар, жұмысты кідіріссіз бастап, қажет болса туындайтын мәселелерді шұғыл шешуді міндеттеді.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу