ШҚО-да су айдындарында қауіпсіздік күшейтілді: 9 адам құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысында жаз басталғалы бері құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөліп, күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Облыстық ТЖД мәліметінше, маусым айының басынан бері 480-ге жуық патруль мен рейд ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар, рейд барысында ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 412-бабын бұзған 11 адамға әкімшілік жауапкершілік жүктелген. Ал 592-баптың 1-бөлігін бұзған бір дерек тіркелді.
ТЖД өкілдері суда демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын ескеруді тағы бір мәрте еске салады. Мамандар атап өткендей, жабдықталмаған жағажайларда шомылуға, ішімдік ішіп суға түсуге, құтқару кеудешесінсіз қайық немесе катамаранға отыруға болмайды. Сондай-ақ балаларды ересектерсіз суға жіберу де үлкен қауіп төндіреді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне шұғыл хабарласу қажет екенін ескертеді.




