ШҚО-да маусым басталғалы бері 6 адам суға кетті
Фото: news.myseldon.com
Шомылу маусымы басталған кезеңнен бері Шығыс Қазақстан облысында 6 адам суға батып кетті.
Жазатайым оқиғалардың барлығы жабдықталмаған жағалауларда болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқановтың айтуынша, ішімдік ішіп суға түскендер қайғылы жағдайға жиі ұшырайды.
ТЖД өкілдері еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп профилактикалық рейд жүргізіп жатқанын айтуымыз керек. Бүгінде бес мыңнан астам демалушы қамтылды.
Ал полиция қызметкерлері жағалауда ереже бұзған 76 демалушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.