ШҚО су қоймаларында 2000-нан астам рейд жүргізілді
ШҚО ТЖД
Құтқарушылар жабдықталмаған жерлердегі жағажайларда қауіпсіздік рейдтерін жалғастыруда.
ШҚО ТЖД қызметкерлерінің бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, өңірдегі рұқсат етілмеген жағажайларда 3 адам суға кетті, оның ішінде біреуі бала, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Адамдар түбі тексерілмеген, ағысы қатты су қоймаларында суға түсіп, нәтижесінде қайғылы оқиғалар жиі орын алып жатады. Жазда облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес 22 көпшілік демалатын және 74 тыйым салынған жер анықталды. 1 муниципалдық жағажай (Ұлан ауданы), 5 коммуналдық жағажай (Өскемен қаласы - 2, Риддер қаласы - 1, Алтай ауданы - 2) және 4 жеке жағажай (Ұлан ауданы) жұмыс істейді.
Айта кетейік, облыстың су қоймаларын полиция қызметкерлері мен құтқарушылар күн сайын патрульдеп, рейдтер жүргізеді. Құтқарушылар демалушыларға жадынамалар таратып, азаматтарға суда жүру ережелерін ескертеді.
Суға шомылу маусымы басталғалы бері барлығы 2100-ге жуық рейд өткізілді.