KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Министрлік Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтарға ескерту жасады

Фото: pexels.com

24.06.2025, 09:00 233 Гульжан Мусина

Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына осы өңірге баруды әзірге тоқтата тұруды ұсынды. Министрлік мәлімдемесінде қазіргі жағдай тұрақсыз екенін және тәуекел деңгейі жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі шетелдік серіктестермен және еліміздің тиісті органдарымен бірлесіп, ахуалды күнделікті бақылап отыр. Таяу Шығыс елдерінің кейбірінде әуе кеңістігі уақытша жабылып, халықаралық рейстер кейінге шегерілген.

Осыған байланысты СІМ азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік тарапынан жарияланған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға және елшіліктермен байланыста болуға шақырады. Әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген қазақстандықтар ресми дереккөздерден ақпарат алып, жағдайды ұдайы қадағалап отырғаны жөн.

Қазіргі уақытта Қазақстанның бұл елдердегі барлық елшіліктері мен консулдықтары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Олар кез келген уақытта құқықтық және консулдық көмек көрсетуге дайын.

1. Қазақстанның Қатардағы елшілігі:
+97450649955
+97470910579
kazconsul.doha@gmail.com
doha@mfa.kz

2. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.):
+97124498778
+971503629805
abudhabi@mfa.kz

3. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы:
+971556103341
+971505701978
dubai@mfa.kz

4. ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 05 00

Сыртқы істер министрлігі азаматтардан сақтықты күшейтіп, шетелге шығуды жоспарламас бұрын жағдайды мұқият саралап, қажет болса елшілікпен кеңесуді сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу