Өскеменде ағаш көлікті зақымдады – кәсіпорын өтемақы төлейді
pexels.com
Өскеменде көлікке ағаш құлап, иесіне келтірілген шығынды жергілікті коммуналдық кәсіпорын өтеуге міндеттелді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға биыл сәуір айында қала көшелерінің бірінде болған. Тұрақта тұрған жеңіл автокөлікке ағаш құлап, темір тұлпарға едәуір зақым келген. Сарапшылар көлікті жөндеудің тиімсіз екенін анықтаған. Нарықтағы бағасына сай көліктің құны шамамен 2,5 миллион теңге деп бағаланған.
– Ағаш жол жолағында, коммуналдық кәсіпорынның қарауына берілген аумақта тұрған, – деп мәлімдеді ШҚО соттарының баспасөз қызметі. – Кәсіпорын мен қалалық ТҮКШ бөлімі арасында көшелер мен жолдарды күтіп ұстау бойынша келісімшарт бар. Онда апатты ағаштарды анықтау және жою міндеті көрсетілген.
Сот осы міндет орындалмағанын анықтап, коммуналдық кәсіпорын көлік иесіне 2 418 250 теңге көлемінде шығын өтеуге міндеттелді.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Елизавета Седых
Оқи отырыңыз