Өскеменде темір тұлпарды ағаш басып қалды. Кім жауап береді?
Өскеменде " Nissan" көлігіне ағаш құлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға Аблакетка ауданында болған. Зардап шеккендер жоқ, алайда көлік жөндеу жұмыстарын талап етеді.
- Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүргізуші мекемесіне 2017 жылдан бастап қисайған теректер жайлы айтып келеміз, бірақ ешқандай әрекет жоқ, - деп күйінді жәбірленуші.
Полиция басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, көлік тізгіндеуші құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген. Полицейлер сотқа шағымдануына болатынын айтқан.
Оқи отырыңыз