KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
504.76 593.8 6.5

Өскеменде ҚМЖ режимі жарияланды: ауа сапасына мониторинг жүргізілуде

24.07.2025, 10:00 218 Әбішев Ержан

23 шілдедегі сағат 20.00-ден 24 шілдедегі сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға (ҚМЖ) байланысты екінші дәрежелі ескертуі жарияланады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қолайсыз метеожағдай режимі қалада желдің жоқтығына байланысты жарияланып отыр. Мамандардың айтуынша, атмосфералық ауаның қозғалыссыз қалуы жерге жақын қабаттарда ластаушы заттардың жиналуына себеп болады.

Сонымен қатар салқын ауа райы салдарынан температуралық инверсия қалыптасып, жылы ауа қабаты жердегі салқын ауаны қалқалап ұстап тұрады. Бұл құбылыс ауа құрамындағы зиянды қоспалардың таралмай, керісінше шоғырлануына ықпал етеді. Әсіресе таңғы және кешкі мезгілдерде ауа тығыздалып, тұман немесе түтін түрінде байқалуы мүмкін.

Осы жағдайға байланысты қазіргі кезде ШҚО Экология департаментінің мамандары санитарлық-қорғау аймақтарында атмосфералық ауаның сапасын өлшеп жатыр. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу