KZ
Өскемен
-11°
ясно жел 1 м/с, С
504.76 593.8 6.5

ШҚО-да жартыжылдық қорытындыланды: экономикалық даму, ауыл шаруашылығы қауіпсіздігі және тұрғын үй құрылысы – басты назарда

24.07.2025, 10:35 207 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұл жолы әкімдік отырысы Мемлекеттік әнұранмен басталды. Бұл – тәртіп пен мемлекеттік жауапкершілікті арттыруға бағытталған жаңа қадам.

Кеңейтілген жиында төрт негізгі мәселе қаралды: өңір экономикасының дамуы, бюджеттің орындалуы, агросектордағы фитосанитариялық қауіпсіздік және тұрғын үй құрылысы. Сала басшылары баяндама жасап, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов нақты сұрақтар қойып, аудандық көрсеткіштерге ерекше назар аударды.

– Жалпы облыс бойынша көрсеткіштер жаман емес. Бірақ кейбір аудандарда көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Әңгіме тек өсім туралы емес, өңірдің барлық бөлігінде тең дәрежеде даму болуы тиіс, – деді өңір басшысы.

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында оң серпін байқалады. Сонымен қатар, әкім шағын және орта бизнесті қолдау, көлік инфрақұрылымын дамыту және инвестиция тарту бағытында жұмысты күшейтуді тапсырды.

Қаржы басқармасының ақпараты бойынша, жартыжылдықта бюджеттік қаражат жоспарға сәйкес игерілуде. Алайда, кейбір кемшіліктер де анықталған. Олар бойынша нақты ұсыныстар берілді. Нұрымбет Сақтағанов әрбір жұмсалған теңге халыққа нақты пайда әкелуі керектігін қадап айтты, әсіресе әлеуметтік салаларда.

Облыста карантиндік аурулардың алдын алу мен зиянкестердің таралуын болдырмау бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Шекара маңында бақылау күшейтіліп, егіс алқаптарында алдын алу шаралары қолға алынған.

2025 жылдың бірінші жартысында өңірде тұрғын үй құрылысы да белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалармен қатар, жекеменшік қаржы есебінен де жаңа баспаналар бой көтеруде. Әкім құрылыс сапасын және мерзімін қатаң қадағалауды ескертті, әсіресе әлеуметтік нысандар мен кезекте тұрған азаматтарға арналған пәтерлерге қатысты.

Жиын соңында барлық деңгейдегі билік өкілдері арасындағы үйлесімді жұмыстың маңыздылығы тағы бір мәрте атап өтілді.

 Дамир Омаров

Фото: Жалғас Сақадиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу