Өскеменнен Новосібірге қосымша рейс ашылды
Өскемен әуежайы
Өскемен әуежайынан Новосібірге қосымша әуе рейсі қосылды. Бұл шешім жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Сұраныстың өсуіне байланысты Новосібір бағытына қосымша рейс енгізілгенін хабарлаймыз. Бұл рейс жолаушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді», – делінген Өскемен әуежайының хабарламасында.
Қосымша рейс 2025 жылдың 23 тамызында орындалады. Ұшақ таңғы 07:30-да Өскеменге келіп, сағат 08:15-те Новосібірге ұшады. Рейсті S7 Airlines компаниясы орындайды.
Елизавета Седых
Оқи отырыңыз