KZ
Өскемен
-35°
туман жел 1 м/с, В
510.43 594.86 6.49

Өскемен әуежайы жолаушылар тасымалын ұлғайтып жатыр

Фото: pixabay.com

16.05.2025, 12:00 567 Гульжан Мусина

Өскемен қаласының әуежайы бағыттар санын арттырып, рейстер жиілігін көбейтуде, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

4 мамырдан бастап Новосібір – Өскемен бағыты бойынша рейстер жиілетілді. Ал 13 мамырдан бастап Өскемен мен Анталия арасында тікелей чартерлік рейс іске қосылды.

Бұдан бөлек, 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Өскемен – Шымкент бағыты бойынша тұрақты тікелей рейсті бастайды. Бұл бағыттағы ұшақтар аптасына төрт рет – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұшады.

– Бұл бағыт, әсіресе, Шымкент әуежайынан халықаралық рейстерге қосылатын жолаушылар үшін өте ыңғайлы әрі сұранысқа ие болады деп күтілуде. Мысалы, Мюнхен, Будапешт, Мәскеу, Ыстамбұл, Сеул және Шанхай қалаларына ұшу жоспарлағандар үшін тиімді, – деді «Өскемен әуежайы» АҚ президенті Серік Оразғалиев.

Сонымен қатар, 19 мамырдан бастап ресейлік S7 Airlines компаниясы Мәскеу – Өскемен бағыты бойынша рейстер санын аптасына екіге дейін арттырады. Бұған дейін тек сенбі күндері ұшатын бұл бағытқа енді дүйсенбі күндері де рейс қосылады.

– Бұл қадам – Қазақстан бағытындағы ұшу бағдарламамызды дамыту жоспарының бір бөлігі, – деп мәлімдеді S7 Airlines компаниясы.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу