KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

"Алтай Өскемен" жанкүйерлерін қуантты – есеп 5:1

7.08.2025, 21:30 210 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде нағыз футбол думаны өтті. «Алтай Өскемен» командасы турнир кестесінің басында тұрған «Каспий» командасын 5:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Матч «Восток» стадионында өтті. Ойынға 3800 жанкүйер жиналды. Алаңда от шашқан нағыз шоу болды десек, артық емес.

Кештің басты қаһарманы – Ибрагим Дадаев. Ол бірден үш гол соғып, хет-трик авторы атанды. Тағы екі голды Омарбек Әділет пен Артем Тетерин салды. Әр голдан кейін трибуна жарылып кете жаздады — жанкүйерлердің қуанышында шек болмады.

Стадионда ерекше атмосфера болды. Әнұран, ұрандар, жалаулар мен шексіз қолдау — бәрі бұл кешті ұмытылмас етті. Финалдық ысқырықтан кейін футболшылар жанкүйерлерге алғыс айтып, трибунаға қол шапалақтап қошемет көрсетті.

Бұл жеңіс – команда үшін үлкен серпіліс, ал жанкүйерлер үшін – нағыз мереке!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу