KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

1 мамырда Өскеменде үлкен футбол мерекесі өтеді

pixabay.com

28.04.2025, 12:00 410 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың 1 мамыр күні сағат 14:00-де Өскемен қаласындағы «Восток» стадионында жергілікті «Алтай Өскемен» командасы мен еліміздің батысындағы ең мықты ұжымдарының бірі – «Ақтөбе» командасы арасында қызықты әрі тартысты футбол кездесуі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күн – тек футбол мерекесі ғана емес, нағыз сыйлықтар мен тосынсыйларға толы ерекше шара болмақ. Көрермендер арасында арнайы сыйлықтар ойнатылады:

  • Сергей Хижниченконың қолтаңбасы бар ойын жейдесі,
  • Маусымның кәсіби футбол добы,
  • Арнайы футбол шарфтары мен қақпашы қолғаптары,
  • DoDo Pizza-дан дәмді пиццалар,
  • Ayax спорттық дүкенінің сыйлық сертификаты және басқа да көптеген сыйлықтар.

Күні: 2025 жылғы 1 мамыр
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: «Восток» стадионы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу