KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
517.66 606.49 6.44

Туристік аймақтарда интернет сапасы артады

Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі
8.08.2025, 09:30 255 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов байланыс операторы «КаР-ТеЛ» ЖШС өкілдерімен өңірді интернет және ұялы байланыспен қамту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Компания деректеріне сүйенсек, Өскемен қаласының тұрғындарының жартысынан астамы осы оператордың қызметін пайдаланады. Қала қажеттіліктеріне сай болу үшін компания стандартты емес әдіс ұсынуда – телекоммуникациялық жабдықтарды тікелей көше шамдарының бағаналарына орнату. Мұндай тәсіл қазірдің өзінде Алматы мен Астанада сәтті жүзеге асқан.

Жекеменшік секторды ұялы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі қала әкімдігімен бірлесе қаралатын болады. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін Өскеменнің кейбір байланыс тартылмаған аймақтарындағы мәселені шешу жоспарланған.

Қазіргі таңда компания облыс аудандарында 9 антенна-мачта орнатқан. Олардың екеуі іске қосылған, қалған жеті нысан жақын күндері электр желісіне қосылады.

«КаР-ТеЛ» өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға биыл 3,5 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Туристік аймақтар – Алтай, Самар және Катонқарағай аудандарына ерекше назар аударылып, жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары кезінде республикалық және облыстық маңызы бар трассалар бойына талшықты-оптикалық желілер тарту көзделген.

«Интернет – бұл туризмнің, қауіпсіздіктің және экономиканың дамуы. Әр жобамен нақты айналысу қажет», - деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік, ШҚО-да 100 адамнан аз тұрғыны бар 117 елді мекенде әлі интернет жоқ. Компания электрмен жабдықтаушы ұйымдармен әріптестікті дамытып, жарықтандыру бағаналарын байланыс инфрақұрылымын орнатуға тиімді пайдалануды ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу