KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Малеевка мен Бородинода интернет болады

Фото: liter.kz

28.02.2024, 20:13 179

Бүгінгі таңда Алтай ауданында 65 мың халық тұрса, соның 35 мыңы Алтай қаласында, 7 мыңы Серебрянка қаласында, өзгелері ауылдарда тұрады.

Аудандағы 19  елді мекенде әлі күнге интернет, ұялы байланыс жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өткен жылы «Казцинк» ЖШС қолдауымен аудандағы Малеевка ауылдық округіне антенна-діңгек орнатылған. Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, таяу күндері ұялы байланыс операторы байланыс құрылғыларын орнатып, аталған ауылдық округ аумағындағы бірнеше ауыл интернетке қосылмақ.

Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Ново-Крестьянка ауылына антенна-діңгек құрылысы салынып, қазіргі уақытта ауыл тұрғындары жоғары сапалы интернет жүйесіне қосылған.  Ұялы байланыссыз, интернетсіз отырған Кремнюха ауылына өткен жылдың соңында интернет пен ұялы байланыс желісі тартылды.

Биыл Бородино,  Быково ауылдарына антенна-діңгек орнату үшін қажетті  қаражат бөлініп отыр. Оператор «Қазақтелеком» АҚ-мен Шірікқайың ауылына да ұялы байланыс орнату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив