Өскеменде Спорт сарайы маңында жол қозғалысы шектеледі
Фото: instagram.com/otdel_zhkh_yk
Өскеменде Үлбі көпірінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі берген мәліметке сүйенсек, 8 тамыздан бастап көпірдің С. Нұрмағамбетов көшесінен Н. Назарбаев даңғылына (Спорт сарайы бағыты) қарай бірінші жолағы жабылады. Бұл учаскеде деформациялық жікті жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
– Жөндеу аяқталған соң қозғалыс әдеттегі тәртіпте қайта ашылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп хабарлады Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Елизавета Седых
Оқи отырыңыз