Балаңызды 1-сыныпқа тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?
Шығыс Қазақстан облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 маусымнан 1 тамызға дейін жүргізіледі. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, мектепке қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылады. Алайда, 7 жасқа толған балалар да мектепке қабылдануға толық құқылы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл тәртіп «Білім туралы» ҚР Заңының 31-бабы 3-тармағына және ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы №264 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-ананың (немесе заңды өкілінің) өтініші;
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Баланың денсаулығы туралы анықтамалар (026/у-3 және 063/у нысандары);
3х4 см фотосурет – 2 дана;
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжат (қажет болған жағдайда).
Құжаттарды:
www.egov.kz порталы арқылы,
немесе «Білім беру ұйымына құжат тапсыру» электронды қызметі арқылы онлайн беруге болады. Қағаз түрінде тапсыру да қарастырылған.