KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
504.76 593.8 6.5

Балаңызды 1-сыныпқа тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

stock.adobe.com

8.08.2025, 10:30 255 Арайлым Орсаринова

Шығыс Қазақстан облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 маусымнан 1 тамызға дейін жүргізіледі. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, мектепке қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылады. Алайда, 7 жасқа толған балалар да мектепке қабылдануға толық құқылы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Жеті жасқа толған балалар ешқандай қосымша тексерусіз, дайындықсыз немесе тестілеусіз мектепке қабылданады. Бұл баланың мектепке дейінгі ұйымға барған-бармағанына қарамастан жүзеге асырылады», – делінген басқарма таратқан мәліметте.

Бұл тәртіп «Білім туралы» ҚР Заңының 31-бабы 3-тармағына және ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы №264 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Ата-ананың (немесе заңды өкілінің) өтініші;
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Баланың денсаулығы туралы анықтамалар (026/у-3 және 063/у нысандары);
  • 3х4 см фотосурет – 2 дана;
  • Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжат (қажет болған жағдайда).

Құжаттарды:

  • www.egov.kz порталы арқылы,
  • немесе «Білім беру ұйымына құжат тапсыру» электронды қызметі арқылы онлайн беруге болады. Қағаз түрінде тапсыру да қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу