KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

ШҚО-да «Өскемен – Рахман қайнары» бағытындағы жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

depositphotos.com

11.08.2025, 18:00 218 Төлеуғазы Жансая

20 тамыз бен 30 қазан аралығында республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 437–450 шақырым аралығында көліктің барлық түріне қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл учаске — таулы аймақта орналасқан, ұзындығы 13 шақырым, ені 5 метр қиыршық тасты жол. Бір жағында жартасты жота, екінші жағында тік жар болғандықтан, айналма жол жасауға немесе кері бағытта қозғалысты ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ.

Жөндеу барысында кюветтер мен терең дренаждар орнатылады, 17 темірбетон құбыры және 3 су өткізу нысаны салынады. Қиын бөліктерде гидробойкамен жол төсемі кеңейтіледі.

Жұмыс кезінде тастар құлауы мүмкін болғандықтан, қауіпсіздікті сақтау үшін қозғалысқа толық шектеу қойылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу