KZ
Өскемен
-21°
плотный туман Штиль
510.18 601.91 6.51

Өскемендегі №1 емхана: жөндеу кезінде де жұмыс тоқтаған жоқ

pixabay.com

12.08.2025, 19:00 213 Айна Бакимбаева

Өскемендегі №1 қалалық емхананың ғимаратында жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Науқастарға ыңғайлы болуы үшін жөндеу бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты емхана басшылығы кейбір кабинеттер мен бөлімдердің жұмысына уақытша өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Шығыс Қазақстан облысының қалалық және облыстық мәслихат депутаттары көшпелі отырыс аясында аталған мекемеде болып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

Сапар барысында депутаттар жөндеу жүріп жатқан нысандарды аралап, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін талқылады.

– Жөндеу жүріп жатқанына қарамастан, емхана ұжымы толық беріліп жұмыс істеуде. Біздің міндетіміз – пациенттер сапалы медициналық көмек алуы үшін, ал медицина қызметкерлері қолайлы жағдайда еңбек етуі үшін барлық қажетті жағдайды жасау. Мұндай жұмыс сапарлары жағдайды бақылауда ұстауға және дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Өскемен қалалық мәслихат депутаты Александр Светаш.

Сапар қорытындысы бойынша депутаттар облыстық денсаулық сақтау басқармасына жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді және жөндеу аяқталғаннан кейін жиһаз бен жабдықтарды жаңарту мәселесін қарастыруды ұсынды.

Осындай сапарлар – билік өкілдері мен медицина қауымдастығы арасындағы кері байланыс пен диалог орнатудың маңызды құралы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу